10.3 C
Shymkent
25 марта, 2025
adilettv

ӨСКЕМЕН МЕН БУРАБАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді.

Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы мәліметтер ұсынылып, арнайы карталар, буклеттер және басқа да ақпараттық материалдар тегін таратылуда.

Ақпараттық бұрыштар тұрғындар мен қонақтарға Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматы, Түркістан және Самарқанд қалаларында да ақпараттық бұрыштар ашылып, жұмыс істеуде. Алда басқа да қалалардан ашу жоспарда тұр.

Айта кетсек, 2024 жылдың 9 айында Шымкент қаласына 387 547 турист келген. Оның ішінде, 24 462 адам шетелдіктер. Соңғы жылдары шаһарға келуші туристер саны артып келеді.

Бөлісу

Related posts

ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

AdiletTV

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

В Шымкенте запустили завод по производству керамогранита стоимостью более 25 млрд тенге

AdiletTV

Leave a Comment