adilettv

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ САЛЫНУДА

Абай ауданының Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен жылы жаңадан мәдениет үйі ашылған еді. Онда түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мәдениет мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналды.

Елді мекен тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық – қазіргі таңда мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр. Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ. Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.

Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Рост населения и трудового потенциала Шымкента в период 2018–2025 годов

AdiletTV

Город Шымкент: Призывают быть осторожными с интернет-мошенниками

AdiletTV

2025 жылы Шымкент қаласында туристерге қолайлы сервис пен сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар атқарылды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз