21.1 C
Shymkent
18 мая, 2025
adilettv

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА СХЕМАСЫ: ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың Құжаттарға Ұлттық Банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынған жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді, Ұлттық Банктің атынан байланысқа шыққанда олар азаматтарға «кредиттік шоты» барын немесе кредит қарызын өтеу керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді. Сондай-ақ, олар Ұлттық Банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады.

Бұл ретте алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған инвестициялық компаниялар туралы және ұрланған ақшаларды қайтару жөнінде тегін заңгерлік көмек көрсетеміз деп жарнама орналастырып жүргені айтылды. Қазақстан Ұлттық Банкі үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық әрекеттерге жол бремес үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық Банк қызметкерлерінің атынан бейтаныс адам қоңырау шалған кезде әңгімені тоқтатып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне өз бетінше хабарласуды ұсынады.Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің Байланыс орталығына 1477 қысқа нөміріне хабарласқан жөн.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дала орман өрттерінен сақ болайық!

AdiletTV

Шымкент қаласының су қорғау және санитарлық аймақтарының шекаралары мемлекеттік кадастр жүйесінде белгіленбеген

AdiletTV

Шымкент қаласы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз