2025 жылғы 21-27 шілде аралығында Астана қаласындағы «Target» ату кешенінде стенд ату бойынша VI Спорттық Жастар ойындары / ҚР Кубогының III кезеңі аяқталды.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Жетісу облыстарынан 150-ден астам спортшы қатысты.
Командалық есеп бойынша Шымкент қаласының құрамасы жалпы 13 медаль жеңіп алып, I-орынға ие болды: оның ішінде 6 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль.
Астана қаласының құрамасы II-орынды иеленіп, 8 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль.
Алматы қаласының құрамасы III-орынды иеленіп, 9 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль!
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІ ОСЫ ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!