Қоғам

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

22 наурызда Петропавлда ұлттық киім киетіндер үшін автобустармен жүру тегін болады. Акция Наурыз мерекесі онкүндігі аясында өткізіледі, деп хабарлайды AdiletTV Петропавл News-ке сілтеме жасай отырып.

Осылайша, тасымалдаушылар солтүстікқазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтауға шешім қабылдады.

Бұл күні Петропавлда көрмелер, челлендждер, концерттер, қайырымдылық акциялары, шеберлік сыныптары, жарыстар, байқаулар, спектакльдер өтеді — Наурыз биыл жаңаша және кеңінен атап өтіледі.

Біз қазақстандықтардың құттықтау күні — Көрісу күнін қалай атап өтетінін әңгімеледік.

Ал мұнда Наурызнаманың 10 күндік кестесін көруге болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал қалай өтеліп жатыр

AdiletTV

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Гүлмира Жұмаділаева Jusan Bank компаниясын басқарады

admin