adilettv

35 млн теңгеден астам ақша ұрлаған: Астанада бес балабақша меңгерушісі сотталды

Астанада балабақшалардың бұрынғы бес меңгерушісі 35 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген айыппен сотталды. Олардың сыбайласы да 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мектепке дейінгі бес ұйымның меңгерушілері және олардың көмекшілері жас балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған», — делінген хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы олардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынған. Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде меңгерушілердің келтірілген залалды өтегені, кінәларын толық мойындағаны және олардың кішкентай балаларының бар екендігі танылды.
Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражаттың барлығы бюджетке қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САУРАНДА 5000 ОРЫНДЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

«Asia Trafo» зауыты болашақта 1 000-нан аса мамандарды жұмыспен қамтымақ!

AdiletTV

Шымкенттік полицейлер реттелмеген мәртебесі бар адамдарды анықтау іс-шараларын өткізуде

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз