Шымкент қаласындағы №7 ші емханада жаңа нысандар пайдалануға берілді. Медициналық мекеменің А мен Б корпустарын байланыстыратын өтпелі галерея іске қосылып науқастардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалды. Толығырақ арнайы іс шараға қатысып қайтқан тілшіміздің бейнематериалында .
Мамандардың айтуынша жабық галеря әсіресе отадан кейінгі қозғалысы шектеулі науқастар үшін маңызды. Сонымен қатар бұл жүйе медициналық қызметкерлердің бөлімдер арасында жылдам қозғалуына мүмкіндік беріп ,жедел көмектің уақытылы көрсетілуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар емханада «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКСТ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ қолдауымен тұзды шахта ашылды. Арнайы тұзды бөлме тыныс алу жолдарын тазартуға ,қабынуды азайтуға және имунитетті күшейтуге көмектеседі. Бұл әдіс бронхит , астма және аллергиясы бар адамдар үшін пайдалы деп саналады екен.
Сонымен қатар емхананың ауласын абаттандыру, көріктендіру мақсатында , іс шараны қорытындылай келе . «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында оған қатысқан қонақтар ,демушілер және ел ағалары бірлесіп емхана ауласына ағаш отырғызды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялауға бағытталған игі қадам ретінде бағаланды. Ұйымдастырушылар мұндай акциялар алдағы уақыттада жалғасын табатынын атап өтті.
