adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КЕШЕНДІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қала аумағында көрікті әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында кешенді тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аталған шаралар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып, шаһардың негізгі инфрақұрылым нысандарын қамтып отыр.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының үйлестіруімен бұл жұмыстар қаладағы 5 ауданға қарасты 5 мердігер мекеменің қатысуымен жүргізілуде. Негізгі басымдық магистралды көшелерді, жол жиектерін, көгалды аумақтарды және айналма жолдарды тазалауға берілген. Сонымен қатар, қаладағы саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да тұрақты түрде күтіп-бапталуда.

Кешенді тазалық жұмыстары аясында қоқыс жинау, шөп ору, ағаштарды санитарлық қырқу, жасыл желектерді ретке келтіру секілді жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстарға 2 мыңға жуық қызметкер мен 250-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, күнделікті негізде қала тазалығын қамтамасыз етуге күш салынуда.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп, мегаполистің барлық аумағын қамтуды көздейді. Әр аудан бойынша нақты жоспарлар түзілген, соған сәйкес тазалық шаралары жүйелі түрде орындалуда.

Айта кету керек, мұндай ауқымды жұмыстар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және Шымкенттің көркін арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасып, қала көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығы басты назарда болмақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В городе Шымкент: с начала года в рамках УПП №67, подчиненного Турганскому РОВД Шымкентского ГУВД, проводятся мероприятия по предотвращению азартных игр и других подобных проблем.

AdiletTV

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАНДЫ ТӨБЕЛЕС: ТАҒЫ 3 КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз