Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДЫҚ САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРИНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ!

Әзербайжан астанасы Бакуде «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары үш алтын, екі күміс, бір қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінгі орынға ие болды. Алтын жүлденің бірін ұлттық құрама мүшесі, Түркістан өңірінің өрені Сағындық Тоғамбай жеңіп алды.

92 келіде сынға түскен Сағындық Тоғамбай финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Лорен Альфонсо Домингесті жеңіп, сенсация жасады. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген жерлесіміз үш раундта да жасындай жарқылдады.

Баку төріндегі додада Сағындықпен бірге Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай да алтын медаль еншілесе, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдегер атанды. Ал Бекзат Таңатар қола жүлдені еншіледі.

AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Сөздерің әдемі поэзия сияқты», — деп мақтады депутат министрге

admin

Ұшақ құрастыру кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған бұрынғы Boeing инженері өлі табылды

admin

Астанада қазақ тіліндегі ауқымды пікірсайыс турнирі аяқталды

admin