16.3 C
Shymkent
7 октября, 2026
adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Технология Түркістан Экономика Экономика

ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫНАТЫН 4 СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БІРІ АРЫСТА БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар өндірістік нысанды аралады. Жоба бастамашыларымен кездесіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Алдымен облыс әкімі Арыс-Шардара тасжолы бойында орналасқан Қазақстан мен Франция елдерінің бірлескен электровоздарға сервистік қызмет көрсету орталығына барды.
Нұралхан Көшеров өндірістік нысанның өңірдегі теміржол саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға қосатын үлесіне тоқталды. Жауаптыларға жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етіп, инвесторларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.
Жаңа нысан франциялық Alstom компаниясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылуда. Арыс қаласындағы депо – еліміз бойынша салынатын төрт сервистік орталықтың бірі.
Жобаны «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған. Жобаның инвестициялық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. 2,9 гектар аумақта орналасқан ғимараттың аумағы – 4 100 шаршы метр. Орталықты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Нысан жылына 2 мың электровозға сервистік қызмет көрсетуге қауқарлы. Жоба іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

45 мың пакет: Маңғыстауда дәріхана нашақорларға бизнес ұйымдастырды

admin

«Оқушы қызды дозадан асып кеткендіктен жедел жәрдем алып кетті»: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Admin

Пікір қалдырыңыз