20.1 C
Shymkent
20 июня, 2026
adilettv

АСТАНАДА БАСТЫҒЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, ТҰНШЫҚТЫРҒАН ПОЛИЦЕЙ СОТТАЛДЫ

Астана қаласы Есіл аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әли Әбетаев бастығын ұшрып-соққаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың 4 шілдесінде түнгі рейд кезінде болған. Кальян шегу ережелерін тексеру барысында Әбетаев пен оның бастығы арасында жанжал туындаған. Полиция қызметкері өз жетекшісінің бетінен жұдырықпен ұрып, жерге құлатқаннан кейін оны тұншықтыра бастаған. Салдарынан зардап шеккен басшының мұрны сынып, маңдайы мен ерні жарақаттанған. Сараптама бұл жарақаттарды денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян деп бағалады.

Сот үкімімен Әбетаевқа бір жыл шектеу жазасынан бөлек, 100 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалып, ол «капитан» шенінен айырылды. Сонымен қатар, медиация аясында сотталушы жәбірленушіге 3 миллион теңге өтемақы төлеген.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«РЕСЕЙДЕН ЖЕТКЕН»: АҚТӨБЕ ПОЛИЦИЯСЫ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ҚАУІПТІ АЗОТ ТОТЫҒЫН ТӘРКІЛЕДІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: интернет-алаяқтық бойынша семинар-кеңесте сұрақтарға жауап берілді!

AdiletTV

ТОҚАЕВ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз