adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Технология

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ӨРТ ДАТЧИКТЕРІН ОРНАТУ ҮШІН БІР АПТА МЕРЗІМДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНА ЖАТАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ТІЗІМІН ЖАҢАРТУ ҚАЖЕТ

Үкімет отырысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарын өрттен қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өрттердің басым бөлігі жөндеу көрмеген пештерден, дер кезінде тазартылмаған мұржалардан және тозығы жеткен электр сымдарынан туындайтыны, кей жағдайда электр желілері мен газбен жабдықтау көздеріне рұқсатсыз қосылу да төтенше жағдайларға әкеп соғатыны атап өтілді. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының баспаналарына ерекше назар аудару қажет. Осындай үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары жиі тіркеледі. Сондықтан оларға өрт датчиктерін тегін орнату тапсырылған болатын. Бұл ретте, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Шымкентте датчиктерді орнату жұмыстарын күшейту қажет.
«Осыған байланысты, өңір әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, бір апта мерзімде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үйлердің тізімін жаңартуды тапсырамын. Анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдай отырып, үй-үйді қайтадан аралап шығу керек. Жалпы өрт датчиктерін орнату жұмыстарын күшейткен жөн. Өңір әкімдіктері тиісті қызметтерге қажетті қолдау көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне датчиктерді сатып алу және орнату үшін қаражат қарастыруы қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Admin

АБАЙЛАҢЫЗ! АЛАЯҚТАР!

Admin

Как формируются цены? – Понятно для потребителя

Admin

Пікір қалдырыңыз