adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Технология Түркістан Экономика Экономика

ЖЕТІСАЙДА ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Жетісай ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесінде бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 95-і көгілдір отынмен қамтылып, газ пайдаланушы елді мекендердің үлесі 90,4 пайызға жетіп отыр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы орта қалыптастыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту тапсырмасына сәйкес ауданда тағы екі елді мекенге көгілдір отын берілді.
Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Көбек және Ақбұлақ елді мекендеріне газ беру рәсіміне аудан әкімі Серік Мамытов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Жылдар бойы қатты отынмен бойларын жылытып, күл шығарып келген ауыл тұрғындары енді қаладағыдай табиғи газды тұтынатын болады.
– Біз ел Президенті мен облыс басшысының инфрақұрылымды жақсартып, ауылдарды дамыту жөнінде берген тапсырмалары аясында қарқынды жұмыс жүргізіп келеміз. Қаржының мүмкіндігіне қарай инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бір ауылға газ берсек, екінші ауылдың жолдарын, ал, үшінші ауылдың ауыз суы мен жарықшамдарын жөндеудеміз. Ешбір елді мекен мемлекеттің назарынан тыс қалмайды, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, іс-шара барысында ауыл азаматтарына газ инспекциясы өкілдері тарапынан газ құрылғыларын дұрыс пайдалану бойынша ережелер түсіндіріліп, жаднамалар таратылды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

Қазақстанда етті ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергелуде: 3 миллиардтың мүлкі тәркіленді

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Пікір қалдырыңыз