32.3 C
Shymkent
14 августа, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы мен тиімді жұмысына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградаларын табыстады.

«Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен қала әкімдігі аппаратының бас инспекторы Насурлаева Гүлжаһан Тасшабайқызы марапатталды.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру бөлімінің бас маманы Байырбекова Алмира Сайлауқызына, сондай-ақ, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіп және экспорт бөлімінің бас маманы Зайнутдинова Ләйлә Шамилқызына табысталды.
Марапат иелерін құттықтаған шаһар басшысы мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілікті, кәсібилікті және өз ісіне адалдықты талап ететінін атап өтті.
Қала әкімі мемлекеттік қызметшілердің көп жылдық адал еңбегіне алғыс білдіріп, дәл осындай білікті мамандар мемлекеттік органдардың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететінін, қаланың дамуына қомақты үлес қосып отырғанын жеткізді.
Айта кету керек, ведомстволық наградалардың табысталуы – марапатталған қызметкерлердің ұзақ жылғы мінсіз еңбегінің, жоғары кәсіби біліктілігінің және мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2025 жылға жоспарланған ірі жобалар экономикаға тағы да миллиард теңге мәніндегі жаңа инвестициялар мен мыңдаған жұмыс орны тартпақ.

AdiletTV

БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІ 51 АДАМ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ БӘЙГЕДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз