adilettv

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБА ҮШІН 20 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕ: БАС ПРОКУРАТУРА АЗАМАТТАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде заң талаптарын бұзатын ақпараттарды жариялау немесе тарату ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта интернет желісінде арандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлердің көбеюі байқалып отыр.

Бас прокуратура азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық, діни, рулық немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялаудан және таратудан сақ болуға шақырды. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қатаң жауапкершілік қарастырылған.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру фактілері анықталған жағдайда, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, заңсыз контентті интернет ресурстарында немесе әлеуметтік желілерде орналастырған азаматтардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда да жауапкершіліктен босатылмайды. Мұндай жағдайларда «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2026 жылғы есеп бойынша бұл үшін 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Қадағалаушы орган интернет кеңістігіндегі әрбір жарияланым мен пікірдің құқықтық бағасы болуы мүмкін екенін еске салып, азаматтарды ақпарат тарату кезінде заң талаптарын сақтауға, тексерілмеген мәліметтерді жарияламауға және арандатушылық мазмұндағы материалдарды бөліспеуге шақырды.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желідегі кез келген жазба, пікір немесе репост құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды. Сондықтан әрбір қолданушы жариялайтын ақпараттың мазмұнына жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ауыл шаруашылығы мен инвестициялық инфрақұрылым: Шымкенттің 2024–2025 жылдардағы даму көрсеткіштері

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ЖЕДЕЛ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАСЫ БОЛУҒА ТИІС»

AdiletTV

ALTAY FOOD: новый игрок на рынке кондитерской продукции в Шымкенте

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз