adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ОБЛЫС ӘКІМІНЕ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелерді көтерді.
Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне мәселелерді заң аясында зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Бірқатар өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
Айта кетейік, облыс әкімі аудандарға жұмыс сапары барысында халықты жеке қабылдап, тұрғындар айтқан түйткілдер реттілігіне қарай шешімін тауып келеді.
Облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды кестеге сәйкес тұрақты өткізуде. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

Admin

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯЛАР ТҮРКІСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТӘЖІРИБЕСІН ҮЙРЕНІП ЖАТЫР

Admin

12 наурыз күні таңертең Қазақстан айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары

Пікір қалдырыңыз