adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН МЕН МАНАС — БАУЫРЛАС ҚАЛАЛАР АТАНДЫ

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі» тақырыбында Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Халықаралық жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, екі елдің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, өңірлер мен қалалардың әкімдері, сондай-ақ іскерлік орта өкілдері қатысты.
Форум аясында өткен «Қырғызстан мен Қазақстан өңірлері арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту факторы ретіндегі туризмді дамыту» тақырыбындағы панельдік сессияда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өңірдің туристік әлеуеті мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын таныстырды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы мен Манас қаласы арасында бауырластық байланыстарды дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бүгінде Түркістан мен Қырғызстан өңірлері арасындағы туристік байланыстың әлеуеті жоғары. Қырғызстан Түркістан қаласына шетелден келетін туристер саны бойынша негізгі бес елдің қатарына кіреді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гори всё синим пламенем: чья халатность погубила 14 жизней

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ТЖД қызметкерлері алматылықтардың пәтерлерін аралап жүр

admin

Пікір қалдырыңыз