adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан Экономика Экономика

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен идеологиялық кеңес отырысы өтті.

Жиында өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттары талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.
Жиында Ертай Алтаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, мәдениет және руханият бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты аудан-қала орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылатын «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форумына дайындық барысы және 10 күндік профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспары қаралды.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атануына орай туристік әлеуетті арттыру, туроператорлармен байланысты нығайту және өңірге туристер тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жүктелген міндеттердің орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтып, идеологиялық бағыттағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

admin

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ жыл басынан бері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта 785 әңгіме-дәрістер мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

admin

Пікір қалдырыңыз