adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке мәселесі бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау орталығына келгендердің басым бөлігі жер мәселесіне қатысты шағымдарын жеткізіп, түйінді сұрақтардың оң шешімін табуына ықпал етуін сұрады.

Сайрам ауданының тұрғыны жеке иелігіндегі жерді құжаттандыру барысында туындаған мәселе бойынша көмек сұрап жүгінді. Ал, кентаулық азамат марқұм жолдасынан мұрагерлікпен қалған жер телімін перзенттеріне үйлестіру бойынша құқықтық кеңес алды. Төлеби ауданынан келген арыз иесі Біркөлік ауылындағы жер учаскелерін заңдастыру шараларына шағымын жеткізді. Сонымен қатар қабылдауға келгендердің бірі ветеринария басқармасында қордаланған мәселелерді көтерді.
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын қарастыру. Нұрбол Әбдісаттарұлы жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселесін жіті зерделеп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар қабылдауда көтерілген сұрақтар жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

admin

Макрон НАТО әскерін Украинаға жіберу туралы сөзіне түсініктеме берді

Пікір қалдырыңыз