2026 жылғы 9–11 қараша аралығында Шымкент қаласының аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу;
Құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету;
Отбасындағы өзара сыйластықты, жауапкершілік пен қауіпсіздікті қалыптастыру.
Құрметті қала тұрғындары!
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз немесе өзіңіз осындай жағдайға тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз! Дереу полицияның 102 арнасына хабарласыңыз.
Зорлық-зомбылыққа көз жұму – мәселенің шешімі емес. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау – баршамызға ортақ міндет.
