adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде футболды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс, аудан оратлығында, кент пен ауылда балаларға арналған футбол алаңы болуы қажеттігін атап өткен болатын. Сонымен қатар демеушілер қаржысы есебінен стадиондардың көпшілігін жаңғырту қажет немесе футбол стадиондарын салу міндетін жүктеді. Осы бағытта өңірімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Футболды дамытуға баса мән беріп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және өңірдің спорттық әлеуетін көтеру – маңызды міндеттердің бірі, – деді Ертай Алтаев.
Облыс әкімінің орынбасары жауаптылардың есебін тыңдап, футбол саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Айта кетейік, 7 қараша күні Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан кубогының 2026 жылғы финалы өтеді. Бұған дейін аталған стадионда Қазақстанның жастар құрамасының қатысуымен халықаралық деңгейдегі футбол кездесуі өткен болатын.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы ПБ 10 айында 90 нан астам профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Admin

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

Admin

Павлодар облысында адамдар бар автокөлік мұз астында қалды

admin

Пікір қалдырыңыз