adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Технология Түркістан Экономика Экономика

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысының Келес ауданында минералды сусындар өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылуға дайындалуда. Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнімнің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары барысында Жүзімдік ауылдық округіндегі «SARYAGASH SU ONIMDERI» ЖШС-ның өндірістік нысанында болды. Облыс басшысы кәсіпорынның құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпкермен кездесуде жобаның жүзеге асырылу барысын, өндірістік жабдықтардың жеткізілуі мен кәсіпорынды іске қосу мәселелерін пысықтады.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына кәсіпорынның толыққанды жұмыс істеуіне қажетті мәселелерді жедел шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
– Мұндай инвестициялық жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік береді. Біз кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, инвестициялық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуына жағдай жасауымыз қажет. Ең бастысы, өндірісте отандық өнімнің үлесін арттырып, экспорттық әлеуетті дамытуға басымдық беруіміз керек, – деді Нұралхан Көшеров.
Жоба Келес ауданы, Жүзімдік ауылдық округінің Жүзімдік елді мекенінде жүзеге асырылуда. Өндірістік ғимараттың жалпы ауданы – 2 103 шаршы метр. Инвестиция көлемі – 2,5 млрд теңге. Кәсіпорынға 2 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи өндірістік жабдықтар Қытайдың «XINJIANG YELIDA INTERNATIONAL TRADE CO LTD» компаниясынан сатып алынған. Кәсіпорын газдалған және газдалмаған минералды су өндіруге және дайын өнімді экспорттауға бағытталған.
Зауыт құрылысы 2025 жылдың наурыз айында басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталған.
Жоба аясында 30 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл – ауыл тұрғындары үшін жаңа еңбек мүмкіндіктерін қалыптастырып, жергілікті экономиканың дамуына серпін беретін маңызды бастама.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ЖЕТІ СӘНДІ КӨЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУҒА 93 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАМАҚ

Admin

Шымкент қаласы: ТҰРАН АПБ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН ТІРКЕЛГЕН ОТБАСЫЛАРҒА РЕЙДІК ШАРА ӨТТІ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз