adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион Шымкент

Шымкентте өзенге қоқыс жәшіктерін лақтырған ер адам 7 тәулікке қамалды

Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауындағы жаңадан абаттандырылған аллеяда қоқыс жәшіктерін өзенге лақтыру дерегі бойынша полиция іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар 48 жастағы қала тұрғыны Билолов Ильзар анықталды. Оған қатысты қоғамдық орында мүлікті қорлау дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Қоғамдық мүлікті бүлдіргені үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭТО УЖЕ НЕ ПРАВКИ, А НОВЫЙ СМЫСЛ: ЕРЛАН КАРИН О КОНСТИТУЦИИ

Admin

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН БАНГЛАДЕШТЕГІ БОСҚЫНДАР ЛАГЕРІНЕ БАРЫП, ГУМАНИТАРЛЫҚ МИССИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Admin

Город Шымкент: Всего за 10 месяцев в участковой службе полиции Енбекшинского РУВД №39 раскрыто 23 преступления.

Admin

Пікір қалдырыңыз