adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда күн күрт бұзылады

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн құбылады. Кей өңірлерде жаңбыр жауса, енді бір аймақта қар жауады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 11 және 12 қарашада Қазақстанның тек батыс өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Басқа аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін.

Түнде және таңертеңгі уақытта еліміздің барлық аумағында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ құбылысы болуы ықтимал.

Қайда жылы болады, қай жерде күн суытады?

Алдағы үш күнде күндізгі ауа температурасы аймақтар бойынша айтарлықтай өзгереді:

  • батыста — +3-тен +12 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста — 0-ден +8 градусқа дейін;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта — -3-тен +5 градусқа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — +2-ден +10 градусқа дейін.

Қазақстанда қараша айы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың қараша айы Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп күтілетінін, бірақ ел тұрғындарына тұрақты жылы ауа райына сенудің қажеті жоқтығын айтқан болатын. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасын және температураның күрт өзгеруі болжанады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда кей күндері түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӨЛЕМІ ҚАРҚЫНДЫ ӨСУДЕ

Admin

Елордада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды

Admin

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУҒА ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚОСЫЛҒАН ЖОҚ — ТОҚАЕВ

Admin

Пікір қалдырыңыз