adilettv Ақпарат Бизнес Қоғам Регион Саясат Экономика Экономика

ТҮРКІСТАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ МЕН КӨЛЕМІ САРАЛАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте қаланы көгалдандыру жұмыстарының барысы, жасыл желектерді күтіп-баптау және мердігер мекемелердің жауапкершілігі қаралды.

Жиында қала аумағына биіктігі кемінде 2 метр болатын 50 мың ағаш көшетін отырғызу, «Тұқымбақ» аумағында раушан гүлдерінің өндіріс көлемін арттырып, санын 300 мыңға жуық жеткізу міндеті қойылды. Сонымен қатар, көпжылдық гүлдер отырғызу бойынша арнайы жоба әзірлеу тапсырылды.
Бұдан бөлек, қураған көшеттерді қалпына келтіру жұмыстары мен Майкотов – Атшабар көшелерінің қиылысындағы ағаштарды қайта түгендеу де жұмыстары пысықталды.
Мердігер мекемелер «Stroy Consept» және «Caspian Qurlys Invest» серіктестіктеріне кепілдік міндеттемелері аясында өздері еккен ағаш көшеттерінің қураған бөлігін алмастырып, қалпына келтіру тапсырылды. Сондай-ақ, «Тұқымбақ» аумағындағы бос орындарды тиімді пайдаланып, шет елдердің көгалдандыру тәжірибесін енгізу мәселелері қаралды.
Қала басшысы жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдарға атқарылған жұмыстарға сапалы мониторинг жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюды, күзгі ағаш егу жұмыстарын қарқынды ұйымдастыруды тапсырды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Нганну мен Джошуа арасындағы жекпе-жектің қорқынышты нокаутының видеосы: жаңа бұрыш

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ІРІ ҰРЛЫҚТЫҢ БЕТІН АШТЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз