adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдеріне барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікілерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Жиында ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен өңірде атқарылған жұмыстар талқыланды.

Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына айқындалған басым бағыттарға тоқталды.
– Мемлекет басшысы Жолдауда экономиканы дамыту, халықтың әлауқатын арттыру және реформаларды жалғастыру міндеттерімен бірге, басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударып, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажеттігін айтты. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда өңірлердің рөлі ерекше. Біздің басты мақсатымыз – инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бүгінгі кездесу осы бағыттағы жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындауға және Сіздердің мәселелеріңізді ашық талқылауға мүмкіндік береді, – деді Нұралхан Көшеров.
2026 жылдың 9 айында Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 146 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,8 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнім көлемі 55,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,1 пайызға өсті. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 49,7 млрд. теңгеге жеткен. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 37,4 млрд.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1 млрд. теңгені құрап, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 34,8 мың шаршы метрге жеткен. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 45,9 млрд. теңгені құрап отыр.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Төлеби ауданында былтыр 11 елді мекенде құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды. Балдыберек, Жаңакүш, Тағайна, Жаңажол, Киелітас, Достық, Ынтымақ, Біркөлік елді мекендерінде 14 көшеге (16,8 шақырым, 484,4 млн.теңге) және аудандық маңызы бар 1 жолға (КХТЛ-30 «Бейнеткеш е.м» кіреберіс жолына 4,4 шақырым, 291,3 млн.тг) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттарлық жолдардың үлесі 95,2 пайызға жетті. Сонымен қатар Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешені пайдалануға берілсе, Момынай елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі.
Биыл Зағамбар елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Ынтымақ елді мекеніндегі 150 орындық мектептің құрылысы аяқталып, 1 қыркүйек күні пайдалануға берілді. Сондай-ақ Көксәйек және Тасарық ауылдық округтерінің 4 елді мекенінің 12 көшесіне электр желілерін тарту және трансформаторлар орнату биылғы жылы аяқталатын болады. Бұдан бөлек, Төлеби ауданының ауыз су инфрақұрылымына жалпы құны 11,6 млрд. теңгені құрайтын 7 ірі жобалар іске асырылуда. Абай, Ақбастау, Мәдени, Кеңесарық, Бірінші Мамыр елді мекендерінде ауыз құбырларын салуға, Балдыберек ауылындағы су тазарту имаратын салуға және Ленгір қаласының ауыз су мәселесін шешуге 1,1 млрд. теңге қаржы қаралды.
Бұдан бөлек 2027 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (МЭКС) ұлттық жобасы аясында Жоғарғы Қасқасу елді мекенінің ауыз су құбыры құрылысын іске асыру жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы 67 жобаға 574 млн. теңге бөлінді. Ленгір қаласындағы «Төле би баба» музейінің құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, пайдалануға берілді. Киелітас елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, нысан желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.
Кездесу барысында өткен жылы тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысы да қаралды. Өткен жылы тұрғындар тарапынан 12 мәселе көтеріліп, оның 11 орындалған. Қалған бір мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жиында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Төлеби ауданында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Облыс әкімі сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ALTAY FOOD: новый игрок на рынке кондитерской продукции в Шымкенте

Admin

Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

Admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ СЕРГЕЙ ЛАВРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз