adilettv

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ТАС ЖОЛДА КӨЛІК ӨРТЕНІП КЕТТІ

Ақтөбе облысында жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті. Жанып жатқан автокөліктен шыққан қара түтін алыстан көрінді, деп хабарлайды «Диапазон».
Оқыс жағдай Ақтөбе – Астрахань тас жолында, Қандыағаш қаласына жақын жерде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, аудан орталығынан оқиға орнына екі автокөлікпен 8 өрт сөндіруші, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілген.
«Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз