adilettv

АҚТӨБЕ СОТЫ КҮЙЕУІНІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙЫПТАЛҒАН ӘЙЕЛДІ СОТ ЗАЛЫНАН БОСАТТЫ

Ақтөбе сотында күйеуін өлтірді деп айыпталған 37 жастағы әйелге үкім шықты. Оқиға өткен жылдың көктемінде болды. Отбасылық жанжал кезінде әйел күйеуіне пышақ жарақатын салды. Кеуде тұсына тиген жарақаттардың бірі жүрекке зақым келтіріп, ол оқиға орнында көз жұмды.

37 жастағы Ксения Седова 7 ай тергеу изоляторында қамауда болды. Сараптама қорытындысы бойынша, ер адамның қанынан 4,58 промилле алкоголь анықталған.

Сотта ол айыпталған “Адам өлтіру” бабы — Аффект бабымен өзгертілді.

Оқиғаға қатысты үш рет сот сараптамасы жасалған. Әрекет аффект жағдайында жасалған деген тұжырымға келіп, айыпты ҚР ҚК 101-бабына қайта саралады.

“Рақымшылық туралы” Заңға сәйкес К.Седова жазадан босатылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ”: ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

AdiletTV

Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за 8 месяцев 2025 года

AdiletTV

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР МЕЗЕТТЕ 50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз