5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

«ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, БЕЛГІЛІ МАМАН КИРИЛЛ СЕРГЕЕВИЧ КЕКЕР 46 ЖАСЫНДА ӨМІРДЕН ӨТТІ.

Бүгін, 1 желтоқсанда, «Қайрат» футбол клубы Академиясының жетекшісі, белгілі маман Кирилл Сергеевич Кекер 46 жасында өмірден өтті. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлады.

Қайғылы хабар күллі клуб қауымдастығы мен қазақ футболына жанашыр жандарға ауыр тиді. Он жылдан астам уақыт бойы Кирилл Сергеевич «Қайрат» басы-қасында болып, елімізде балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты. Оның көзқарасы, кәсіби білігі және бітім-болмысы көптеген жас спортшының қалыптасуына әсер етті.

Кирилл Кекер әр жылдары «Қайрат» клубының түрлі құрылымында маңызды қызметтер атқарды. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын бас бапкер болып басқарды. 2025 жылы Академия жетекшісі ретінде жұмысын жалғастырып, сонымен қатар Қазақстан U-19 құрамасымен бірге жаңа буын футболшыларын тәрбиелеуге атсалысты.

Айта кетейік, дәл осы Кирилл Кекер баптаған Қазақстан U-19 құрамасы алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне жолдама алған болатын.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»

AdiletTV

AdiletTV

Устройство «Кибер-Шериф» для обеспечения безопасности дорожного движения работает по 5 направлениям в городе Шымкент.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз