adilettv

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ ҚАЙТАРҒАН KAISAR PLAZA ҒИМАРАТЫНЫҢ БАСТАПҚЫ БАҒАСЫ 61,5 МЛРД ТЕҢГЕ

Алматы қаласының орталық ауданында орналасқан Kaisar Plaza сауда және кеңсе орталығы 61,5 млрд теңгеге сатылып жатыр. Ғимаратты кезінде Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған.
«Қайсар Плаза» Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Орталықты аукционға «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» қойды. Лот мемлекеттік электронды сауда алаңы – sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланды.
Саудаға қатысу үшін 9,2 млрд теңге кепілпұл төлеу қажет. Аукцион 7 сәуірде өтуі тиіс.
Қайрат Сатыбалды бизнес орталықты мемлекет меншігіне 2024 жылғы жазда өткізген. Сол кезде үкімет экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі мемлекетке 1,6 млрд доллар қайтарғанын жариялаған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласында 634 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді

AdiletTV

Шымкент өңірінің экономикалық дамуына ықпалы бар жылыжай жобасының қаржылық талдауы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз