adilettv

АЛМАТЫДА ЖҮРГІЗУШІ 15 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫ ҚАҒЫП, ҚАШЫП КЕТКЕН

Әлеуметтік желіде Сейфуллин – Райымбек даңғылдарының қиылысында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Кадрлардан көлік жүргізушісінің жолдан өтпек болған 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткені байқалады.

Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамастан, оқиға орнынан кетіп қалған.

Зардап шеккен баланың туыстары тергеу созылып кетуі мүмкін деп алаңдап, жол апатын көрген куәгерлерден немесе қандай да бір мәліметі бар азаматтардан хабарласуды сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады. Қазіргі уақытта күдікті жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Баға қалай қалыптасады? – Тұтынушыға түсінікті тілмен!

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ПОЗДРАВИЛИ СПАСАТЕЛЕЙ С ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ ПРАЗДНИКОМ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз