adilettv

АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тараз қаласында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сату мақсатында сақтаған ер адамды ұстады.
Күдіктіні жеке тінту кезінде жалпы салмағы 29,31 грамм болатын 40 орам синтетикалық есірткі заты табылды. Сонымен қатар ол бұрын жасырған орнынан осындай 9 орамды көрсетті, аталған есірткі заттарының салмағы 11 грамм 4 миллиграммды құрады. Одан бөлек, 30 жастағы алматылықтың Тараздағы уақытша тұратын мекенжайынан жалпы салмағы 919 грамм 92 миллиграмм болатын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ электронды таразылар, оқшаулағыш таспалар және ZIP-пакеттер тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОКАЕВ ПРИНЯЛ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ

AdiletTV

19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз