adilettv

Астанада компьютер ұрлаған адамның үстінен іс қозғалды

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 2 млн 640 мың теңгеден астам сомаға компьютерлік техниканы ұрлаған 39 жастағы ер адамды анықтады.

Қаскүнем компьютерлік техниканы сататын компанияда менеджер лауазымында жұмыс істегені анықталды. Ол қоймаға еркін кіріп, мүлікті газельге тиеп, үлкен көлемдегі техниканы ұрлаған. Ер адам ұрланған компьютерлерді ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерге сақ болуға кеңес береді. Мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларын орнатыңыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Итоги финансового контроля за первое полугодие 2025 года

AdiletTV

Г. Шымкент: Нурлан Алмасбеков: «правонарушение не остается безнаказанным»

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз