Жаңалықтар Қоғам

Астанада Наурыз мерекесі кімге төленеді

Өткен жылдың қазан айында елорда мәслихатының депутаттары әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды тілш Aspan.info

Осы құжатқа сәйкес мұқтаж азаматтардың тізімі бекітілді, әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленді, сондай-ақ ол төленетін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі анықталды. Олардың арасында Наурыз мейрамы да бар.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабынан көрініп тұрғандай, бұл мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы — 9230 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әкімдіктер 21 мерекелік күнге орай мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсетуде. Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері ерекшеленеді және нақты әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЗАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

Алаяқтық туралы іс: Трампқа оның жылжымайтын мүлік империясын қалдырды — әзірге

admin

Астанадағы Орыс үйінің алдына үлкен кезек қойылды

admin

Пікір қалдырыңыз