Ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САХА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЙСЕН НИКОЛАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха  Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған.Айсен Николаев көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Саха Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін жеткізді.Сондай-ақ ол Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОҚУШЫЛАРҒА 22 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

AdiletTV

Халыққа Ақтау, Алматыдағы бұрынғы АЭС-терге экскурсия жасату керек — Ричарт Оликтон

AdiletTV

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

Пікір қалдырыңыз