24.3 C
Shymkent
31 марта, 2026
adilettv

БЕЛСЕНДІ БОҚАЕВ ЕКІ АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ: БАС ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қазақстанда белгілі белсенді Боқаевқа қатысты қылмыстық іс аясында бұлтартпау шарасы таңдалып, ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ресми мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, сот шешімімен бұлтартпау шарасы 19 наурыз күні бекітілген. Соған сәйкес, Боқаев тергеу изоляторына екі айға қамалды.

Айта кетейік, белсенді 18 наурызда ұсталған болатын. Оған дейін ол әлеуметтік желілерде саябақтардағы заңсыз ағаш кесу фактілері мен құрылыс нысандарындағы ұрлық деректері туралы видеолар жариялаған еді.

Алайда тергеу нұсқасына сәйкес, Боқаев аталған заңсыз әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ оған аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

19 жастағы «Хан-Тәңірі» командасының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден озды

AdiletTV

СЫЙЛЫҚ АЛАМЫН ДЕП САН СОҒЫП ҚАЛМАҢЫЗ: ІІМ АЗАМАТТАРДЫ АЛАЯҚТАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

AdiletTV

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз