adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Шымкент қаласына ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлері жұмыс сапарымен келді. Республикалық орталық мамандары қала стационарларында күрделі хирургиялық операциялар жүргізіп, тұрғындарға консультациялық қабылдау ұйымдастырды, тегін кеңес беріп, қажетті ем түрлерін тағайындады.
Екі күндік іс-шара барысында мамандар Шымкент қалалық №1, №2 көпбейінді ауруханаларында және онкологиялық орталықта жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, пациенттерге кеңес беріп, қажетті тексерулер мен емдеу шараларын жүргізді. Сонымен қатар қала дәрігерлері үшін лекциялар, семинарлар және тәжірибелік шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, олардың кәсіби біліктілігі арттырылды.
Шымкентте заманауи медицина қарқынды дамып, жоғары технологиялық күрделі операциялар сәтті жүргізілуде. Жыл басынан бері 106 науқасқа көмек көрсетіліп, жетекші стационарлар үздік нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – білікті дәрігерлер мен озық технологиялардың арқасында өңір медицинасының айтарлықтай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Аталған іс-шара Шымкент қаласы әкімдігімен жасалған меморандум аясында ұйымдастырылып, тұрғындарға заманауи медициналық көмек көрсетуге және медицина мамандарының тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: өткен жылы есірткімен байланысты жалпы 612 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

AdiletTV

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз