Ақпарат Қылмыс

Германияда жоғалып кеткен қазақстандық экс-судья өлі табылды

Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде.

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды. «Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», — делінген хабарламада.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫСТА 90%-ДАН АСТАМ ЖЕР МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕЛДІ

AdiletTV

Енді мемлекеттік қызмет үшін туысыңыздың ЖСН нөмірі де керек болады

AdiletTV

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Пікір қалдырыңыз