adilettv

ҰҚК ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫН ҰСТАДЫ

ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Қаржы министрлігіне қарасты «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуы тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен қаражатты ұстап қалуға заңсыз түрде рұқсат берген. Соның салдарынан мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік мүлікті нарықтық бағадан төмен сатқан. Нәтижесінде бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған. Бұдан өзге, құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер телімдерін сатып, қорға 800 миллион теңге көлемінде шығын келтірген борышкер компаниялардың иесі мен оның сыбайластары да ұсталды. Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, тиесілі мүліктеріне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖЕР ЖӘНЕ СУ РЕФОРМАСЫ

AdiletTV

Шымкентте «ішімдіксіз мекен» пайда болды

AdiletTV

Глава государства выступил на Третьей конференции Организации Объединенных Наций по развивающимся странам, не имеющим выхода к морю

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз