Қоғам

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полиция көмегімен Шымкент тұрғынын ұстады.

«Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикал идеологияны қабылдаған», — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мәскеулік еріктілер әйелдерге 1000-нан астам қызғалдақ гүлін сыйлайды

Алматы мен Астана тұрғындарына ауаның ластануы туралы ескертілді

Қазақстанда крипто алмасуды жасаушылар ұсталды: олар заңсыз түрде миллион доллар табыс тапты