adilettv

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Кентау қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕРГЕ КИБЕРҚЫЛМЫСТАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

AdiletTV

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ «МӘҢГІЛІК БИЛІККЕ» ЖОЯДЫ – ДЕПУТАТ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР САЛҒЫРТТЫҒЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНБАҚ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз