adilettv

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының басшысы қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Осылай деп шағым білдірген театр қызметкерлері басшының бұл әрекетіне наразы. Мәселенің мән жайын біліу үшін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек театр ұжымымен кездесі.

40 жылдық тарихы бар театрда бүгінгі таңда бірнеше маман қызмет атқарады. Басшымыз ауысқалы бері театрдан тыныштық кетті деп шағымданған мамандар директордың жұмысына разы емес. Қызметкерлердің айтуынша, ол жәй балағаттамайды, қарамағындағыларға қол көтерген кездеріде де болған екен. Театр қызметкерлері осылай дейді.

Осыдан 3 жыл бұрын қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры болып Самат Алтаев тағайындалған болатын. Жаңа басшыны ұжымға келгеннен ақ қызметкерлердің берекесі қашқан. Себебі қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік танытып тіпті балағат сөздер айтқан кездері де болған екен.

Ұзақ уақыттан бері театрда жұмыс істеп келген қызметкерлер жаңа басшы келгелі бері сапа төмендеп кеткенін айтып шағымданды. Әділдік іздеп қанша арыз-шағым түсірсе де жабулы қазан жабулы күйінде қала берген. Аталған жағдайды естіген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ұжыммен кездесіп, балағат сөз айтқан басшыға қатаң сөгіс жариялады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БҚО-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ШЕНЕУНІК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

AdiletTV

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

AdiletTV

Экономическое развитие города Шымкент: сравнительный анализ показателей 2024 и 2025 годов

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз