adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ГРУЗИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ГЕЛА ГЕЛАДЗЕНІ ҚАБЫЛДАДЫ

Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.

Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті
✔️

Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ 583 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҚТЫ

AdiletTV

«КҮН САЙЫН АҚША СҰРАП ХАБАРЛАСҚАН»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз