adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XXV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВТЫ МАРАПАТТАДЫ

✔️Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.
✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты.
– Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажырлы және табанды еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл әлемге паш еттіңіздер. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан үлгі алады. Олимпиада жеңімпазы болу – биік мақсат жолында кез келген қиындықты жеңу, яғни, ұзақ әрі күрделі жолға дайын болу деген сөз. Темірдей тәртіппен күн сайын тынымсыз жұмыс істеген адам ғана зор табысқа жетері анық, – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛУДА

AdiletTV

Шымкент: «Таза қала – өзіңнен басталады» акциясы аясында алғашқы сенбілік өтті

АЛҒАБАСТАҒЫ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз