adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ЖЕДЕЛ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАСЫ БОЛУҒА ТИІС»

Президент:
«Жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс.
Бұл – Smart City қағидатына сәйкес барлық салаға озық инновациялар енгізу, жасанды интеллекті мен цифрлық технологияны қолдану деген сөз.
Онда капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін үздік реттеу режимін қалыптастыру қажет.
Осы маңызды мәселе бойынша менің тапсырмаммен Конституциялық заң әзірленіп, Парламенттің қарауына ұсынылды.
Маған Ұлттық банк пен Қаржылық мониторинг агенттігі бұған қарсылық танытқаны туралы баяндалды. Бұл Конституциялық заң қабылдауға мүмкіндік бермейді. Алайда менің төрағалығыммен өткен жиында мұндай пікір айтылмаған еді.
Егер сіздерде қандайда бір қауіп не қарсылық болса, маған қағаз жүзінде ұсыныс беріңіздер. Тиісті тапсырма беремін. Бірақ, менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын бос әңгіме секілді. Мен жауапкершілік алудан қашпаймын, ал сіздер конференцияларда ділмәрсіп, сөз сөйлеп жүре беріңіздер. Қазір қорқыныштан қалтырап отыратын емес, нақты жұмыс істейтін заман.
Бұл – еліміз үшін бірегей жоба. Сондықтан Үкімет оның басы артық бюрократиясыз, кідіріссіз әрі сапалы дамуын қамтамасыз етуі керек».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттік полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқықбұзушыларды ұстады.

AdiletTV

Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды

AdiletTV

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРАМЫН»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз