5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАҢА ҚАДАММЕН

Бүгін Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы барша отандастарымызға тың серпіліс беретін, жаңа нәтижелерге жоспарлар айқындалған тарихи сәтке куә болдық. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына, отандық ғылым және жоғары білім саласына қатысты маңызды мәлімделер жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың маңызына тоқталды. Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан, ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру керек. Сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде: «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн» деп нақты басым-бағыттарды нақтылады. Дархан Ахмед-Заки,
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ
Басқарма Төрағасы-ректоры

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында «Баланың дамуын бақылау» атты аналарға үнпарақтар таратты.

AdiletTV

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ САЛЫНУДА

AdiletTV

Рост промышленности в I квартале 2025 года: новый этап развития Шымкентского региона

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз