5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

ҮНДІСТАН ҚАЗАҚ ТУРИСТЕРІ ҮШІН ТЕГІН ВИЗА ҰСЫНАДЫ

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін отыз күнге дейін тегін виза ұсынатын болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұрын Үндістан азаматтары Қазақстанға 14 күнге дейін визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтар үшін одан да тиімді шарт жасалды.
Үндістан үкіметінің шешімі екі ел арасындағы байланысты нығайту үшін жасалған. Жаңа шарт тек туристік виза үшін ғана емес медициналық және медициналық қолдауға арналған виза үшін де жарамды.
Ескерте кетейік, қазір Үндістанның кей өңірінде Нипах вирусы таралып жатыр. Ол жануарлардан жұғады. Осы үшін елдегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әзірге Үндістанға бармауға кеңес берген еді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕРИ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

AdiletTV

2025 жылы Шымкент қаласының жалпы ішкі өнім көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз