Ақпарат

ҮНДІСТАНДА КӨШКІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 358 АДАМҒА ЖЕТТІ

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқан адамдар саны 358-ге жетті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 200-ден астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Үндістан армиясы үйінділер астында қалған адамдарды іздеу үшін аймаққа көмекші арнайы радарлар жіберді. Бұған дейін шенеуніктердің хабарлауынша, Керала өз тарихындағы ең ауыр табиғи апаттардың біріне тап болды. Қазір штатта 1 500-ден астам сарбаздың көмегімен іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар электр қуатының жоқтығынан және ағаштар құлап, көпірлер қирап, жолдарды бөгеп тастағаны үшін іздестіру жұмыстары қиын болғанын айтады. Штаттағы табиғи апаттан зардап шеккен 8 300-ден астам адам уақытша лагерьлерге көшірілді. Толассыз жауған жаңбырдан Керала штатында көшкін пайда болып, инфрақұрылым мен жолдарға қатты зақым келген. Билік қаза болғандардың туыстарына 2 400 доллардан, жараланғандардың әрқайсысына 600 доллардан төлейтінін хабарлады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазнетте есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды

2024 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз