adilettv

Полиция есірткі сатумен айналысқан шымкенттікті құрықтады

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 30 жастағы тұрғынды қылмыс үстінде ұстады. Ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан қолға сатқан.
Есірткі таратушы жұмысын күдікті ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген. Полицейлер оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады.
Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдысы табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢСЫЗ САТЫЛҒАН АЛКОГОЛЬДІК ӨНІМДЕРДІ ӘШКЕРЕЛЕДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН РЕЦИДИВИСТ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

АРЫҚ БІТЕЛДІ, АУЛА СУҒА ТОЛДЫ: САМАЛ-3 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз