adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген.

Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет.

Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: ОТБАСЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ

AdiletTV

 ЛУВР МҰРАЖАЙЫН ТОНАҒАНДАРДЫҢ ВИДЕОСЫ ТАРАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз